ТЖМ қызметкерлері Ақмола облысында өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бурабай ауданы Зеленый Бор ауылында саяжай кооперативінде өрт шығып, бір шатырдың астындағы саяжай үйін, моншаны және аула құрылыстарын қамтып кеткен.
Өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды жедел сөндіріп, маңайдағы саяжай үйлеріне таралуына жол бермеді.
Ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.