• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп 03 Қаңтар, 2025

Заң мен тәртіпті берік орнықтыру үшін күш-жігер қажет – Қ.Тоқаев

104 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында «Заң мен тәртіп» қағидасы туралы тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент бұл қағиданың мән-маңызы әлдеқайда терең екенін жеткізді. Яғни «Заң мен тәртіп» қағидасы құқық қорғау саласына ғана арналған деп тұжырымдаған дұрыс болмайды.

«Мен бұл қағиданы тереңірек түсінемін. «Заң мен тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырған жоқпыз. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз.

Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіпті» берік орнықтыру үшін көп уақыт пен күш-жігер қажет екенін айтты.

«Бәрі бірдей бұл қағидатты қатаң ұстануға, оны өмір салтына айналдыруға әлі дайын емес. Бірақ талаптанған адам қалайда мұратына жетеді», деді Мемлекет басшысы.