Павлодарда әйел бесінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бес қабатты тұрғын үйде болған. Әйел өз пәтерінің терезесінен құлап, үйге жапсарлас салынған ғимараттың төбесіне түскен.
«Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, зардап шеккен әйелді төменге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖД өкілдері.
Дәрігерлер әйелдің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.