Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабаралады, деп жазады Egemen.kz.
Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.