Расул Қалиев Алматы қаласы бойынша күрес федерациясының еркін күрес бөліміне басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрама сапында болып, кейін бапкерлік қызметте болған балуан, еркін күрестен Азия ойындарының күміс жүлдегері Расул Қалиев 1991 жылы сол кездегі Семей облысының Жарма ауданында дүниеге келген.
B1rinshibol мәліметінше, Расул Қалиев 2013 жылы Азия біріншілігінде қола жүлде еншілесе, 2014 жылы Астанада Азия чемпионы атанып, сол жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарынан күміс медальмен оралған.