• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қаңтар, 2025

«Мені ұрлап кетті». 13 жастағы жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

81 рет
көрсетілді

Павлодар облысында жалған ақпарат таратқан жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, деп жазады Egemen.kz.

«102» арнасына хабарласқан қыз бірнеше минут бұрын 13 жасар бауыры қоңырау шалып, «белгісіз адамдар оны қара джиппен алып кетіп, ұрып-соғып жатыр» деп айтқан.

Кейіннен телефон сөндірілген. Ақпараттың анық-қанығын анықтау үшін полицейлер Атамекен кентіне барған. Онда туыстары қыздың жаттығуда болу керек екенін айтқан. 

Арада біраз уақыт өткенде, жалған ақпарат берген жасөспірім үйіне оралған. Ол іші пысқаннан осындай қадамға барғанын мойындаған. 

«Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру фактісі бойынша жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді жасөспірімнің ата-анасына 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл пранк болғаны жақсы. Бірақ кәмелетке толмағандар кейде мұндай әзілдер тек күлкі ғана емес, сонымен бірге нағыз алаңдаушылық тудыруы мүмкін екенін есте ұстауы керек», делінген Павлодар облысының Полиция департаменті таратқан хабарламада.