Сеулде мыңдаған адам ел президенті Юн Сок Ёльдің отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шерушілер мемлекет басшысының резиденциясы маңына жиналып, полицияның тосқауылын бұзып өткен. Осыған байланысты бірнеше адам қамауға алынды. Дәл осы наразылық акциясымен қатар Сеулде Юн Сок Ёльдің жақтастары да көшеге шықты. Олар президентке жарияланған импичменттің заңсыз деп танылуын талап етті.
Айта кетейік, жуырда елдің жоғарғы соты мемлекет басшысын қамауға алу туралы ордер берген еді. Себебі Юн Сок Ёль әскери жағдай енгізуге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуге келмеген. Алайда полиция қызметкерлері президентті қамауға ала алмады.