• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Экономика Кеше

Биыл кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

104 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға артатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына тиесілі жалақыны кезең-кезеңімен 20 пайызға арттыруды тапсырған еді. 

Соған сай биыл бухгалтер, экономист, заңгер, мұрағатшы, кітапханашы, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің айлығы артады. 

«Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.