Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихатының жиналысына қатысты.
Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды. Қарауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің кандидатуралары ұсынылды. Сайлау комиссиясы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 288 дауыстың 224-і Нұралхан Көшеровке берілгенін мәлімдеді.Мәслихат жиналысының қорытындысына сәйкес ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
Осы жиында Олжас Бектенов Дархан Сатыбалдыға өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.