«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясы мәліметінше 2024 жылы келген туристер саны 1 миллионнан асып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ал 31 желтоқсан – 3 қаңтар аралығында «Бурабай» МҰТП бақылау-өткізу пункттері арқылы 10 000-нан астам адам, 3034 көлік өткен. Мереке күндері заң бұзушылықтар анықталмаған.
Бұл – қыс мезгілінде де аталған парктің тартымды бола бастағанын көрсетеді. Белсенді қысқы демалысты жақсы көретіндер арасында ең танымал туристік нысандар – тау шаңғысы базалары, «Ақмарал» орман фермасы, шанамен, шаңғымен сырғанауға және коньки тебуге болатын «Burabayland» қысқы қалашығы. Сондай-ақ, туристер Абылай хан алаңында орналасқан жаңартылған Мультимедиялық кешенге барғанды ұнатады.