• RUB:
    5.05
  • USD:
    527.23
  • EUR:
    544.05
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Тасқынның алдын алу бойынша 56 жоба іске асырылып жатыр

46 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп, елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жобалар шеңберінде жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Бүгінде жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалған.

«Осыған дейін министрліктің бассейндік инспекциялары ТЖМ және әкімдіктермен бірлесіп еліміз бойынша 1502 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Көктемгі су тасқынын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің солтүстігі, батыс, шығыс, орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасып жатыр», деді вице-министрі Ерболат Ибрайханов.