Бүгін түнгі сағат 00.00-де ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, жел) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Ақмола облысында:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін);
«Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығында (Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін);
«Жезқазған-Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығында (Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін);
Қостанай облысында:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
«Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729 шақырымы(Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
Солтүстік Қазақстан облысында:
«Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-768 шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) жолдар жабық.
Жолдарды 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.