• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2015

Қазақстан – Катар қатынасының деңгейі жоғары

407 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Катар Мемлекетінің сыртқы істер министрі Халед әл-Атыяны қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және кө­лік-транзит салаларындағы ын­ты­мақтастық мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан мен Катардың қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті. – Сіздің сапарыңыз ынты­мақ­тастығымыздың деңгейін одан әрі көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін. Катар біздің елорда­мыздың құрылысына, соның ішінде «Нұр Астана» мешітінің құрылысына жәрдем етті. Сонымен қатар, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен жандар үшін Семей қаласында салу жоспарланған сауықтыру орта­лығының құрылысына жасал­ған көмекке ризашылық білдіргім келеді, – деді Мемлекет басшысы. Бұл жоба Н.Назарбаевтың мә­дениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар даму қорының өзара ықпалдастығы негізінде жүзеге асырылуда. Халед әл-Атыя өз кезегінде Катар Әмірінің сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық одан әрі нығая береді деп үміттенетінін білдірді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.