Аймақтар 10 Қаңтар, 2025

Қостанай оқушылары қашықтан оқитын болды

46 рет
көрсетілді

Қостанай Білім басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған ауа райының күрт нашарлауы себеп болған. Қазіргі уақытта қалада боран соғып тұр.

Сонымен қатар Қостанай облысының Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарындағы мектептерде де сабақтар тоқтатылған.