• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:45

Колледж есепшісі шәкіртақыға бөлінген қаражатты өзіне аударып отырған

14 рет
көрсетілді

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметін тексеру кезінде есепшінің қаржы жымқырып келгенін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.

Колледждің бас бухгалтері іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін бөлінген қаржының 243 млн теңгесін өз шотына аударып отырған. 

Маңғыстау облыстық прокуратурасы осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.  Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісіне өтіп, сот сараптамалары тағайындалған.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеген.