• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Тұлға Бүгін, 11:45

Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті

64 рет
көрсетілді

Көрнекті абайтанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95-ке қараған жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мекемтас Мырзахметұлы 1930 жылы 9 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданының (бұрын Жуалы ауданымен қосылған) Майтөбе ауылында өмірге келген.

Ғалым Мекемтас Мырзахметұлының зерттеу еңбектері аясына абайтану, мұхтартану, бауыржантану, ясауитану, Абайдың ақындық зертханасы, мұрасының рухани қайнар көздері мен шығыспен байланысы, т.б. кіреді.

Мекемтас Мырзахметұлы – отбасының кенжесі. Ата-анасының 12 баласы болған екен. Көбі аштық-жоқтық жылдары өмірден өтсе, енді бірі соғыстан оралмаған. Балалары жастай шетіней бергендіктен, ата-анасы кенжесі «тастай қатты, бекем болсын» деген ниетпен есімін Мекемтас қойыпты.

Әкесі Мырзахмет 1933 жылы дүниеден өткен. Жиі айтылып, желісі фильмдерге де енген бір оқиға осы М.Мырзахметұлы тағдырынан алынған. Ашаршылық жылдары анасы сегіз айлық қызы мен төрт жарым жасар Мекемтасты алып, тамақ іздеп, көрші ауылға қарай жолға шығады. Тау мен тастың арасынан өтіп, ауылға жақындаған тұста аш қасқыр үйіріне тап болады. Сонда анасы шарасыз қызын қасқырларға қалдырып, ұлын аман алып қалады...

Ғалым ұзақ уақыт бойы Ғылым академиясында, еліміздің жоғары оқу орындарында қызмет етті. 30-дан аса монография, зерттеу жобаларын жариялап, әдебиет тарихын зерттеушілердің бірнеше буынын даярлады. Абайдың академиялық, электрондық елеулі жинағының бас редакторы.