• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2025

Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

50 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Жетісу облысындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

13 қаңтар сағат 16:30-дан бастап Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектеледі. 

«ҚазАвтоЖол» аталған жол учаскесінің ашылу уақыты әлі нақтыланбағанын да атап өткен.