Туринде (Италия) өтіп жатқан ХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз Анастасия Городко фристайл-могулдан 79,79 ұпаймен топ жарып, алтыннан алқа тақты.
Qazsporttv мәліметінше, екінші орынды жапониялық Харуко Накао (76,29) алса, үздік үштікті германиялық Ханна Уисе 75,04 ұпаймен түйіндеген.
Финалда сайысқан тағы бір отандасымыз Аяулым Әмренова 5-орынға тұрақтады.