• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
ANTIKOR Бүгін, 11:15

Қазақстанда жемқорлардың аты-жөні жария етіледі

45 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілісте Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға енгізілетін өзгерістерді баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлан Сарқұловтың айтуынша, сыбайлас жемқорлардың жария тізімі жасақталады. Ол агенттік бұл қадамға қоғамдағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге тоқтау салу үшін барып отырғанын түсіндірді. Заң қабылданғанда мұндай «қара тізімге» ауыр, аса ауыр деңгейде сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандардың аты-жөні енгізіледі. Мәліметтер заңды күшіне енген айыптаулар негізінде әзірленеді. 

«Бұл - профилактикалық құрал. Өзгеріс қоғам болып мұндай қылмысқа қарсы тұруды көздейді. Тізімнен заңды күшіне енген ақтау, айыпты түзету мекемелерінде өтеу мерзімі аяқталғандардың деректері  шығарылады. Тізім сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында жарияланады», деді Ұлан Сарқұлов.