• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2015

Ақтау портының ауқымы

350 рет
көрсетілді

солтүстік бағытта кестеге сәйкес кеңейіп келеді Каспийдегі Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы бойынша жолдың жоғарғы жағын төсеу жөніндегі барлық жұмыстарды құрылысшылар 1 шілдеге қарай аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі. Үш айлақ – астық, кон­тей­нерлік және бас жүктер үшін айлақтар құрылысы қазір­дің өзінде іс жүзінде аяқта­лып қалды. Астық терми­на­лының барлық алты сақтау шұңқыры көтеріліп, құрал-жаб­дықтарды монтаждау жұ­мыстары соңғы белесіне жеткен. Төртінші айлақ – порт фло­тына арналған айлақ жұ­мыс­тарын тәмамдау жақын араға белгіленген. Қазіргі кезде электрмен қам­тамасыз етудің сыртқы жұ­мыстары жүзеге асыры­луда. Сыртқы электр желі­лері тартылып, ішкі алаңдық транс­форматорлы подстан­са жеткізілуде және құрас­ты­рылуда. Теміржол желісі арқылы мұнай өткізгішті көшіру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. – Негізгі әкімшілік ғи­ма­ратына арналған металл құрылғылары құрылыс алаңы­на 25 маусымға дейін жет­кізілетін болады, – дейді құ­рылысшылар. Әкімшілік ғима­ра­ты­ның, санитарлық-эпиде­мио­логиялық қызмет көрсету орталығының, материалдық-техникалық қоймалардың, құрал-жабдықтар қоймасы мен көлікжайдың іргетасы құрылысы жүргізілуде. Со­ны­мен бір мезгілде, портпен байланыстыратын автомобиль жолын төсеу жүріп жатыр. – Қарқын аса жоғары. Кес­теден қалмауға тырысудамыз, – дейді бас мердігердің өкілі. Ақтау халықаралық сау­да теңіз портын солтүстік ба­ғыт­та кеңейту жобасын жүзеге асыру клиенттер үшін жаңа да заманауи қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, Ақтау пор­тының өткізу қабілетін құрғақ жүктерді 3 миллион тоннаға дейін, ал контейнер жүктерін 1,5 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.