• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2015

Ортақ ұстаным орайындағы әңгіме

233 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының Төрағасы Вла­димир Андрейченкомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Беларусь пар­ламентшілерінің сапары екі ел арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі дамы­туға ықпал етеді. Сенат Төрағасы Қазақ­стан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысқаны, форумда Қазақстанға және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына білдірген ыстық ықыласы үшін бела­русьтік әріптесіне ризашылық білдірді. Сенат Төрағасы Елбасы ұсынған бес институттық реформа негізінде Қазақстан іргелі өзгерістер қарсаңында тұрғанын атап өтті. Қ.Тоқаев Қазақстан мен Беларусь пар­ла­ментшілері екіжақты деңгейде ғана емес, сондай-ақ, ТМД, ҰҚШҰ және басқа да ұйым­дардың парламентаралық ассамблеялары аясында жемісті іс-қимыл жүзеге асып келе жатқанын ықыласпен атады. Сондай-ақ, Еу­р­а­з­иялық экономикалық комиссияның қызметі де депутаттар тарапынан тиісті қолдауды талап ететініне тоқталды. Өз кезегінде, В.Андрейченко Беларусь Қазақстанның жетістіктерін жоғары баға­лай­тынын және еліміздің халықаралық аренадағы беделі арта түскеніне қуанышты екенін атап өтті. Мәртебелі мейман парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, сондай-ақ, екі елдің өңірлері арасындағы байланыстарды өрістету туралы ойларын ортаға салды. Осыған байланысты, Беларусь Парламенті Өкілдер палатасының Төрағасы жергілікті өзін өзі басқару мен жергілікті жерлердегі өкiлдi және атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған Беларусь реформалары туралы әңгімеледі.