Әскер 16 Қаңтар, 2025

Сарыөзекте тағы бір сарбаз қаза тапты

107 рет
көрсетілді

БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, сарбаз даладағы жаттығу кезінде қаруын дұрыс қолданбай, кеудесінен жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.

«Мерзімді әскери қызметші, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды. Ол 2024 жылдың 19 қазанында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы әскерге алынған», делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.