Атырау және Маңғыстау облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында 16 қаңтар сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау автожолының 0-210 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылы - Қисымбай ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ал Маңғыстау облысында Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау автожолының 210-220-шақырым аралығындағы учаскесінде (Атырау облысының шекарасы - Боранқұл ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолдарды 16 қаңтар сағат 23:50-де ашу жоспарланған.