Оқиға 23 Қаңтар, 2025

Ақтөбе аумағында 82 шетелдік эвакуацияланды

97 рет
көрсетілді

Шетелдіктерден ешкім зардап шекпеген, олар Қазақстан құтқарушыларына алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласынан Ресей Федерациясына бара жатқан ақаулы автобус жолын жалғастыра алмаған. Сөйтіп, Ақтөбе облысы аумағындағы Самара-Шымкент тас жолында жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

ТЖМ қызметкерлері Өзбекстан, Тәжікстан, РФ азаматтары саналатын 82 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізді.