2025 жылы Батыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің жүктілігі тіркелген. Бұл туралы жергілікті басылым жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы бес жылда Батыс Қазақстан облысында 12 жасөспірім жүкті болып қалған, оның 7-уі Орал қаласында тіркелген.
Дерекке қарағанда, кейінгі бес жылдағы жағдай төмендегідей:
2020 жыл – 1 жағдай; 2021 жыл – 3 жағдай; 2022 ж. – 3 жағдай; 2023 ж. – 2 жағдай; 2024 ж. – 3 жағдай; 2025 ж. - 2 жағдай.