ПАВЛОДАР. 5 ақпан. Қала әкімі Қайрат Нүкеновтің айтуынша, өткен жылы 128 пәтерден тұратын тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Биыл Ақсуда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 200 пәтерден тұратын 2 тұрғын үй бой көтереді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Қазіргі кезде қалада 2 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері бұл тізімнің жыл сайын 300-ден астам адамға көбейіп отыратынын айтады. Пәтер алуға кезекке тұрғандардың 217-сі – жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар, 1030-ы – аз қамтамасыз етілген отбасылар, 729-ы – мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары және 47-сі – апаттық жағдайда деп танылған үй тұрғындары.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kapital.kz.