• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2015

Алғаш рет 10 долларға әйел бейнесі енгізілмек

230 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 маусым. Алғаш рет 10 долларға әйел бейнесі енгізілетін болды. Дегенмен кімнің суреті салынатынын әзірге АҚШ билігі нақтылаған жоқ. Бұл туралы ТАСС хабарлады. АҚШ-тың қаржы министрі Джейкоб Лью журналистерге берген сұхбатында: «10 доллар айналымға шыққалы бері біз мұның дизайнын бірнеше мәрте өзгерттік. Десе де, 100 жылдың ішінде алғаш рет әйел адамның бейнесін осы ақшаға енгізетінімізді мақтан тұтамын», – деді. Сондай-ақ, министр жаңа банкнот 2020 жылы айналымға шығатынын мәлімдеді. Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы 10 долларда АҚШ-тың тұңғыш қаржы министрі Александр Гамильтонның бейнесі бар. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ТАСС.
Соңғы жаңалықтар