• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2015

Бас прокурор азаматтарды жеке қабылдады

511 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 қаңтар. Бас прокурор Асхат Дауылбаев үстіміздегі жылдың 4 ақпанында кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арызданушылардың шағымдары сот актілерінің заңдылығына, сондай-ақ қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы бұзушылықтарға қатысты болды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. А.Дауылбаев келтірілген барлық дәлел-дәйектерді жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заңдылықтың бұзылуы анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бас прокурордың жеке қабылдауы барысында 2014 жылы 118 шағым түскен. Олардың басым бөлігі сот актілеріне наразылық келтіруге (88) қатысты болса, 23 шағым бойынша қылмыстық қудалау органдарының процессуалдық шешімдерінің заңдылығына және әлеуметтік-экономикалық саладағы шешімдердің (7) бұрыстығына шағым түсірілген. Бас прокурор 36 арызданушыны бейнеконференциялық байланыс арқылы қабылдаған, бұл жеке қабылдаудың уақытты және материалдық қаражатты үнемдеу тұрғысынан ыңғайлы да тиімді түрі болып табылады. Өтініштерді зерделеу нәтижесінде Бас прокурор сот актілеріне қадағалау наразылықтарын енгізіп, тергеу және анықтау органдары актілерінің күштерін жойды және арызданушылардың дәлелдерін тергеу жолымен тексеру мақсатында бірнеше қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ Бас прокуратураның өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс жүргізу басқармасының қызметкерлері 1 287 адамды күнделікті жұмыс барысында қабылдаған. Негізінен азаматтар қылмыстық, қылмыстық-процестік заңдардың нормаларын қолдану, қылмыстық қудалау органдары әрекетінің заңдылығы мәселелері бойынша шағымданған. Барлық сұрақтар бойынша прокурорлар жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді, қажетіне қарай мұндай жұмыстарға тиісті бөлімшелердің қызметкерлері де қатыстырылып отырды. Прокуратура органдарында азаматтардың берген өтініштеріне ерекше мән беріледі, өйткені бұл – сенім арту деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да бұзылған құқықтардың уақтылы және жедел қалпына келтірілуі қадағалау қызметінің басты басымдықтардың бірі болып қала бермек. Жолдыбай Базар. Дерек: Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: prokuror.gov.kz.