• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2015

Жамбыл облысында көші-қон заңын бұзған шетелдіктер елден шығарылады

315 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 5 ақпан. Жамбыл облысы Меркі ауданында рейдтік іс-шаралар барысында көші-қон туралы заңды бұзғаны үшін Қытай Халық Республикасының 7, ал Қырғызстанның 24 азаматы ұсталды. Олар Меркі ауданының бір кәсіпкерінің цехында үй малдарының терісін тазалау бойынша жұмыс атқарыпты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеке басын куәландыратын құжаттың жоқтығына байланысты Қытайдың жеті азаматына қатысты материал толтырылды. Аудандық соттың осы азаматтардың бостандығын шектеу жөніндегі санкциясы алынды. Ұсталғандар депортациялау үшін Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің уақытша қабылдап-бөлу орнына орналастырылды. Ал Қырғызстан Республикасының 24 азаматына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, Меркі ауданы сотының қарауына жіберілді. Жалпы алғанда 2014 жылы Жамбыл облысы ІІД көші-қон полициясы 3 300 құқық бұзушылықты анықтады. Уақтылы тіркелу тәртібін сақтамау салдарынан ел аумағында болу ережелерін бұзу бойынша 1 486 шетелдік азамат, бекітілген мерзімде Қазақстан аумағынан кетпегені үшін әрі тіркеусіз тұрғаны үшін 1 587 адам жауапкершілікке тартылды. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz. Сурет: thenwes.kz.