• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2015

Финалда «арландарға» қарсы шығатын Куба боксшылары белгілі болды

305 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 маусым. Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғап жүрген «Астана арландары» сайыстың финалына шыққаны белгілі. Олар шешуші сында «Куба домадорес» командасымен кездеседі. Аталған финалдық бәсекеде шаршы алаңға шығатын қарсыластар анықталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бокс кеші Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында 20-21 маусым күндері өтеді. Басталу уақыты сағат 17:00-ге жоспарланған. Бұл тартысқа Куба командасы ерекше мән беруде. Оны команда сапында Олимпиада жолдамасын иемденген алты бірдей боксшының бар екендігінен-ақ байқауға болады. Яғни, қарсыластарымыздың қатарындағы Йосвани Вейтиа, Ласаро Хорхе Альварес Эстрада, Ясниер Толедо Лопес, Арлен Лопес Кардона, Хулио Сесар ла Крус Пераса және Савон Котилла сынды шеберлер 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына барады. Ал «арландар» сапында әзірге тек Василий Левит қана мұндай мүмкіндікке ие. Сонымен, WSB жобасының биылғы финалында мына боксшылардың жекпе-жектерін көреміз: Бірінші күн 49 кг.: Теміртас Жүсіпов (запаста Мардан Берікбаев) – Йоанис Оскар Аргилагос; 56 кг.: Қайрат Ералиев (Мейірболат Тойытов) – Энди Крус Гомес (Робейси Рамирес); 64 кг.: Самат Бәшенов (Асхат Уәлиханов) – Ясниер Толедо Лопес; 75 кг.: Мейірім Нұрсұлтанов (Ерік Әлжанов) – Арлен Лопес Кардона; 91 кг.: Василий Левит (Мұхамеджан Еркін) – Эрисланди Савон Котилла. Екінші күн 52 кг.: Олжас Сәттібаев (Мирас Жақыпов) – Йосвани Вейтиа Сото; 60 кг.: Закир Сафиуллин (Ержан Мұсафиров) – Ласаро Альварес; 69 кг.: Асланбек Шымбергенов (Мадияр Әшкеев) – Рониель Иглесиас Сотолонго; 81 келі: Нұрдәулет Жарманов (Әли Ахмедов) – Хулио Сесар ла Крус; + 91 келі: Иван Дычко (Филипп Хргович) – Йоханди Тойрак Ортега. Егер екі күн қорытындысы бойынша тең нәтиже тіркелсе, жеңімпаз 56 кг. салмақ дәрежесіндегі қосымша жекпе-жек арқылы анықталады. Бұл тартыста қос команданың жаттықтырушылары мына боксшыларға сенім артып отыр. 56 кг.: Мейірболат Тойытов (Қайрат Ералиев) – Робейси Рамирес (Энди Крус). Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: astanaarlans.kz.
Соңғы жаңалықтар