Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні кешке Павлодарда Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 қаңтарда Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 34-үйдің ауласында «МАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі бұрылып жатқанда жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, ол есін жимастан қайтыс болды. Көлік арнайы тұраққа қойылды», делінген полиция хабарламасында.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.