• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2015

Алда ауқымды істер тұр

260 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімі Әділбек Жақ­сы­бековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қабылдау барысында Ә.Жақ­сыбеков Мемлекет басшы­сына қаланың әлеуметтік-эконо­микалық дамуы, негізгі мемле­кет­тік бағдарламалардың жүзеге асырылу жайы, сондай-ақ, Астананың алдағы қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларға әзірлік барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті елордада ауқымды жұмыс атқару қажет болатынын атап айтты. – Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы атап өтіледі. Осыған байланысты Наурыз бен Қазақстан халқының бірлігі күнін халқымыздың тұтас­тығы мен көпэтносты қоғамдағы келісім тақырыбымен орайлас­тырып мерекелеген жөн. Бұл жұмыстарды қазірден бастау керек. Тағы бір маңызды тұс – ЭКСПО-2017 халықаралық көр­­ме нысандарының құрылысы, бұған да ерте қамдану қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Астанаға айрықша маңыз берілген «Нұр­лы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арнайы назар аударды. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында елорданың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары атқарылатын болады. Қазақстан Президенті қаланың инвестициялық тартымдылығын ұдайы арттыру, шағын және орта бизнес субъектілерін ілкімді қолдау қажеттігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев әлеу­меттік саланы жақсартуға, адами капиталды дамытуға байланысты міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет бас­шысы жылу беру маусымын кі­діріссіз өткізудің, елорда тірші­лігін сапалы қамтамасыз етуге барлық қалалық қызметтердің үйлесімді қатыстырылуының маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.