Төтенше жағдай 29 Қаңтар, 2025

Суданда ұшақ апатынан 18 адам қаза тапты

116 рет
көрсетілді

Ұшақ Юнити мұнай өндірісі аймағынан көтерілу кезінде құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Суданда әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай ұшақ апатқа ұшырап, алдын ала мәліметке сәйкес 18 адам қаза тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Оңтүстік Судандағы миссиясының (UNMISS) радиостанциясы Miraya News радиосының хабарлауынша, ұшақ Юнити штатындағы мұнай өндірісі маңында құлады.

Оқиғадан аман қалған үш зардап шегушінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.