Ауа райы 29 Қаңтар, 2025

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

113 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана мен Алматы облысында қар жауып, тұман түседі деп болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында түнде қар, боран, жауын-шашын және көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысында қалың қар жаууы мүмкін.

БҚО-да тұман болады.

ШҚО, Қостанай, Павлодар, Абай және Ақмола облыстарында түнде қар мен боран күтіледі.

Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында көктайғақ орнап, тұман болады деп болжанып отыр.