Қазақстандағы 2025 жылы үздік туристік ауылдар анықталды. Бұл ауылдар енді халықаралық конкурста таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kazakh Tourism-нің мәліметінше, таңдалған бұл ауылдар елімізді БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының жыл сайынғы халықаралық конкурсында — UN Tourism Best Tourism Village байқауында таныстырады.
Үздік ауылдарды анықтау кезінде мәдениет пен табиғатқа, сондай-ақ ауылдардағы дәстүрлі іс-шаралардың қаншалықты жақсы сақталғанына назар аударылған. Одан бөлек, жаңа маршруттар мен туризмге қызығушылық танытатын саяхатшылардың көптігі де есептелді.
Сонымен Қазақстандағы туристер үшін ең үздік ауылдар:
Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы); Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сарыдария ауданы); Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы); Көлденең (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер ауданы); Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы).