«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін сағат 20: 30-дан бастап мына өңірлердегі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылып отыр:
Ақмола облысындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) жол жабылды. Павлодар облысындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған. (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін). Жолды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 00:00-де ашу жоспарланған. 21: 00-ден бастап Жетісу облысындағы «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктума ауылынан Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды. Бұл жол учаскесінің қашан ашылатыны әлі нақтыланбаған.