• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2015

Италия елшісін қабылдады

248 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Стефано Раваньянды оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Жоғары палата басшысы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Италия Премьер-министрі М.Ренци арасындағы 2014 жылғы маусым және қазандағы келіссөздері ықпал еткен Қазақстан мен Италияның қарқынды дамуына қанағаттанғандық білдірді. Қ.Тоқаев екі ел арасындағы парламенттік алмасулардың маңызды екенін айтты және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында делегациялар арасындағы өзара іс-қимылға көңілі толатынын жеткізді. Сенат Төрағасы С.Раваньянды биылғы маусымда болатын және діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік, даму және қауіпсіздік жолындағы үнқатысуына арналатын Әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­бас­шыларының бесінші съезіне дайындық туралы хабардар етті. Қазақстан Сенатының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне еліміздің кандидатурасы қолдау табатынына сенім білдірді және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне италиялық компанияларды қатысуға шақырды.