Аймақтар 07 Ақпан, 2025

Жамбыл облысында еден жуушы мектепте қаза тапты

130 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында 50 жастағы мектеп қызметкері ағаштан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 30 қаңтар күні Байзақ ауданына қарасты «Дихан» тірек мектебінде болған.

HALYQSTAN Telegram-арнасы мәліметінше, марқұм мектепте еден жуушы болып жұмыс істегенімен, іс жүзінде күзетшінің де міндетін атқарған. Ол жұмысқа тек кешкі уақытта келетін.

«Қайғылы оқиға болған күні оны мектепке әдеттегіден ертерек шақырып, ағаш кесуге жіберген. Бірақ ресми нұсқаға сәйкес, оның үстіне ағаш құлаған», – дейді ауыл тұрғындары.

Облыстық білім басқармасы бұл жағдайды растады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.