Қысқы спорт 10 Ақпан, 2025

Қазақстан хоккейшілері тартысты ойынның жеңімпазы атанды

235 рет
көрсетілді

Бүгін хоккейден ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяға қарсы мұз айдынына шықты, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бәсеке Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейшілеріміздің ширек финалға шығуына мүмкіндік берді. Тартысқа толы кездесуде Олег Болякин шәкірттері қарсыластарын 1 шайба айырмасымен жеңді. 

Бірінші ұпай Оңтүстік Корея еншісіне жазылғанмен 44 минутта Артём Лихотников есепті теңестірді. Жеңіс шайбасын 58 минутта Роман Старченко соқты. 

Осылайша, Қазақстан ерлер хоккей құрамасы жеңіліссіз топтан шығып, ширек финалда жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды.