Мәдениет 12 Ақпан, 2025

Қос мекеме меморандум жасасты

134 рет
көрсетілді

Ұлттық музей мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры тарихи тамыры бір Түркі мемлекеттері мен халықтарының арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту мақсатымен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры президенті Ақтоты Райымқұлова қол қойды.Меморандумның мақсаты – мекемелер арасындағы серіктестік байланыстарын қолдау мен дамытуға ықпал ету.Оған Түркі әлемінің материалды-рухани құндылықтарын сақтау және насихаттау саласында түрлі жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар музей ісі саласында ынтымақтастық орнату туралы бөлімдері енді.