• RUB:
    6.06
  • USD:
    520.48
  • EUR:
    574.61
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Ақпан, 2025

Ақсу пансионатында зейнеткерлерді ұрып-соғып, киімсіз далада ұстаған

176 рет
көрсетілді

Ақсу қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды. Пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсізді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.

«Жәбірленушілердің бірінің жасы 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.

Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды», делінген хабарламада.