• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Маусым, 2010

ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ҚАРАЛДЫ

681 рет
көрсетілді

Кеше Бас прокуратурада “Қазіргі кезеңдегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес: проблемалар және оларды шешу жолдары, ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет жасау жөніндегі шараларды жетілдіру” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастық мәселесінің айрықша өзектілігіне байланысты ұйымдастырылды. Оның жұмысына Германия, Ұлыбритания, Ресей сарапшылары, құқықтанушы ғалымдар, Жоғарғы Соттың, Ішкі істер министрлігінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің, Қаржы ми­нистр­лігі Кедендік бақылау коми­тетінің, Әділет министрлігі Қыл­мыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері қатысты. Форум жұмысының ашылуын­да Бас Прокурордың бірінші орын­басары И.Меркель ұйым­дас­қан қылмысқа қарсы күрес елдің құқық қорғау органдарының аса маңызды міндеті болып табы­ла­тынын атап көрсетті. Қазіргі за­ман­дағы ұйым­дасқан қылмыс трансұлттық си­патқа ие болған­дықтан, оған қарсы күрес кең ауқымды халықаралық ынтымақ­тастық негізінде бірлескен күш­пен жүргізілуі тиіс. Осыған орай, әртүрлі елдердің күш-қуатын бі­рік­тіріп, құқық қорғау органдары­ның өзара іс-қимылы саласын кеңейту жөнінде ұсыныс жасалды, деп хабарлады Бас прокура­тураның баспасөз қызметі.