Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, өңірдегі екі спорт мектебінің басшысы ғимаратты жалға беру ақысын өз қалталарына басқан, деп жазады Egemen.kz.
Олар осы қызметтен түскен 12 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, атап айтқанда букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойындарына салған.
Аталған фактілер бойынша 2 қылмыстық іс тіркеліп, экономикалық тергеу департаментімен тергеп-тексерген.
10 қаңтар күні аяқталған тергеу барысында екі іс біріктіріліп, мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданған.