ANTIKOR 21 Ақпан, 2025

Антикор төрағасы Димаш Құдайбергенмен кездесті

104 рет
көрсетілді

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали танымал әнші Димаш Құдайбергенді қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Кездесу барысында Агенттік төрағасы әншіні жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.

Асхат Жұмағали өнердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, адалдық пен әділдікке тәрбиелеудегі маңызы орасан екенін атап өтті. 

Димаш Құдайберген атқарылып жатқан жұмыстарға, болашағымыздың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне қолдау білдірді.Тараптар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберіндегі бірлескен жобаларды да талқылады.