Спорт 25 Ақпан, 2025

Велошабандоз Азия жарысында үшінші болып келді

139 рет
көрсетілді

Малайзияның Нилай шаһарында велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталған турнирде отандасымыз, велошабандоз Кирилл Курдиди 1000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секунд уақытта бағындырып, мәрені үшінші болып кесіп, қола медаль олжалады.

Бұған дейін Қазақстанның велотрек құрамасының жүлде еншілегенін жазғанбыз.