2025 жылғы көктемгі кезеңде уақытша жүрісті шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының жүруіне шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығының 19 тармағына сәйкес, республикалық автожолдарды қысқы мезгілден кейін сақтау мақсатында 2025 жылғы 1 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін «бесінші жол климаттық аймаққа жататын келесі сегіз облыста шектеу енгізіледі:
Алматы облысы Атырау облысы Жамбыл облысы Ұлытау облысы Қызылорда облысы Маңғыстау облысы Жетісу облысы Түркістан облысыАлайда келесі автокөліктердің түрлеріне бұл шектеулер қолданылмайды:
халықаралық жүк және жолаушылар тасымалына; төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын көліктерге; гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын көліктерге; жол-құрылыс жұмыстарына пайдаланылатын көліктерге.«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілер мен көлік иелеріне маршруттарды жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді сұрады.