• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 26 Ақпан, 2025

Елімізде жаңбырлатып суару машиналары шығарылады

ADAM компаниялар тобы 2024 жылы «SU BEREKE» брендімен отандық алғашқы 30 жаңбырлатып суару машиналарын өндірді, олардың 7-уі ШҚО-да жинақталды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңбырлатып суару машиналары суды егістіктерге бірқалыпты таратуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде оның шығынын 30-40% азайтады.

«SU BEREKE» маркалы жаңбырлатып суару машиналарын өндіретін екінші зауыт Шығыс Қазақстан облысында іске қосылады. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 1000 жаңбырлатып суару машинасына дейін жетеді.

Өнім сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД нарықтарына бағытталатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар