Ауа-райының нашарлауына байланысты қар құрсауында көліктер жаппай тұрып қалған, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Маңғыстау облысында Ақтау қаласы мен әуежай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда ТЖМ құтқарушылары 71 көлікті сүйреп шығарды, сол көліктерде 198 адам болған.
Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.