Аймақтар 27 Ақпан, 2025

Қостанайда 31 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

70 рет
көрсетілді

ТЖД қызметкерлері Аманкелді ауданының Амантоғай ауылына 20 шақырым жетпей жолда қалған 19 автокөлікті қар құрсауынан алып шықты, деп жазады Egemen.kz.

Құтқарушылардың мәліметінше, көліктерде 31 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған.  

«Жолаушылар ТЖД-ның арнайы көлігімен таяу маңдағы жылыту пунктіне жеткізілді. Үсік шалып, зардап шеккендер жоқ. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес», деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.