Странджа кубогінің бүгінгі жарыс күнінде 54 келіде Махмұд Сабырхан жеребе бойынша косовалық Бажоку Башкимге қарсы жұдырықтасуы тиіс еді. Десе де Қазақстан бокс федерациясы ел боксшысының бүгінгі кездесуге шықпайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Федерация мәліметінше, дәрігерлер осындай шешім шығарған.
«Тағамдық инфекция. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды», делінген медициналық анықтамада.
Ал халықаралық турнирдің жеңімпаздары 2 наурыз күні өтетін финалдық бәсекелерде белгілі болады.